АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.