Қоғам

Президент Тоғжанов пен Әйтеновті қызметінен босатты

Тоғжанов Ақтөбе облысын, ал Әйтенов Шымкент қаласын басқарған еді
Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ералы Тоғжанов пен Мұрат Әйтеновті қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Тоғжанов Ақтөбе облысын 2022 жылғы 31 тамыздан бастап басқарып келді.
Мұрат Әйтенов
Сондай-ақ президент жарлығымен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Ол бұл қызметке 2020 жылы қаңтарда тағайындалған болатын.