АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Бүгін Шымкент мәслихатының депутаттары әкімді тағайындауға келісім беру үшін жиналады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әкімдіктің ресми сайтына отырыстың хабарламасы жарияланды.
"Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы 912 жарлығымен бекітілген "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру" қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы өтеді", - делінген сайтта.
Күн тәртібінде бір ғана мәселе тұр. Ол - Шымкент қаласы әкімін тағайындауға келісім беру.
Мәслихаттың отырысы сағат 15.00-де басталады.
Айта кетері, президенттің жолдауынан кейін кадрлық ауыс-түйістер басталды.