Бір жылда теміржол арқылы астық тасымалдау көлемі екі есеге өсті

Осы жылдың тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық тиелді
Sputnik
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Осы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен астық тасымалы 2 есеге өсті, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
Осы жылдың тамыз айында ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 2 есе жоғары.
Маркетингтік жыл ішінде 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың тамызы аралығында шамамен 12 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен маусымға қарағанда 20% жоғары.
Астық экспорты 25%, яғни 10 млн тоннаға дейін өсті.
Қазақстандық астық алғаш рет Қытайдың Шаньдун провинциясына экспортталады