АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қалада қандай вирустардың анықталғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, SARS-CoV-2 вирусының айналымына эпидемиологиялық мониторинг жасалып отырады.
"ПТР әдісімен анықталған SARS-CoV-2 сынамаларының соңғы оң үлгілері тамыз айында жіберілді. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында айналатын SARS-CoV-2 (омикрон) вирусының 15 генетикалық желісі анықталды. Жүргізілген соңғы зерттеулер барысында Қазақстан үшін жаңа субгенетикалық желі табылған жоқ", - дейді Бейсенова.
2023 жылдың алғашқы сегіз айында ЖРВИ ауруының 232 494 жағдайы тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 132 771 жағдай бала бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 2 есеге немесе 49% - ға өсуі байқалады (2022 ж. – 114 337, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 67558).
Ал тамыз айында сырқаттанушылық (11124 ж) өткен жылдың дәл осы кезеңімен (7833 ж) 23% - ға өсті.