Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама үшін қанша адам сотталды

Екі адамға қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасы қабылданды
Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрлігі жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқаны үшін сотталған адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің 1 басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаевтің айтуынша, соңғы он жылда осы санаттағы қылмыстардың саны едәуір азайды. Мәселен, 2011 жылы 123 факт тіркелсе, былтыр 50 қылмыс жасалды.
"Биыл 8 ай ішінде 52 қылмыстық іс тіркелді, оның 28-і сотқа жолданды. Қазіргі уақытта 16 адамға қатысты үкім шығарылды, оның ішінде 5-еуі бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, 8 адамның бас бостандығына шектеу қойылды", - деді Талқанбаев бүгінгі онлайн брифингте.
Бұдан бөлек, 2 адамға қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасы қабылданды. Ал кәмелетке толмаған бір балаға қатысты тәрбиелік бағыттағы шаралар қолданылды.
Қазақстандықтар жарылғыш зат туралы жалған ақпарат не үшін таратады