АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Польша Украинаға әскер жасындағы ер-азаматтарды қайтара бастады, деп хабарлайды жергілікті Rzeczpospolita басылымы.
Арнайы әскери операция басталғаннан кейін Украина билігі 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға елден шығуға тыйым салды.
"Польша билігі Украинаға елден кеткен ер адамдарды қайтаруды бастады", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, заңсыз мигранттардың Беларусьтен Еуроодаққа өтуіне көмектескен азаматтар Украинаға қайтарылды, деп жазды басылым.
Польша шекара қызметінің бас коменданурасының мәліметінше, өткен жылдың 24 ақпанынан бері 80 мыңға жуық әскери жастағы украиналық ер адам Польшаға кірген. Украиналықтардың кері қайтпағаны атап өтілді.