АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген өкім мәтінінде.
Бозымбаев 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін Алматы облысын басқарған болатын.
Қанат Бозымбаевтың өмірбаяны
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының "Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау" факультетін бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы "Эдем ЛТД" ЖШС-де экономист болып бастады.
1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болды.
1998 – 2000 жылдар аралығында Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2000 жылы – Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;
2001 жылы "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, 2001-2007 жылдары "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті;
2007 – 2008 жылдар аралығында "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ басқарма төрағасы;
2008 – 2009 жылдар аралығында "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы;
2009 – 2013 жылдар аралығында – Жамбыл облысының әкімі;
2013 – 2016 жылдар аралығында – Павлодар облысының әкімі;
2016 – 2019 жылдар аралығында – энергетика министрі;
2019 жылы желтоқсаннан 2021 жылғы қарашаға дейін – президент көмекшісі;
2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін – Алматы облысының әкімі болды.