Өңірлер

Павлодар әкімі ресми түрде қызметінен кетті

Тиісті құжатқа бүгін қол қойылды
Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Павлодар әкімі Ержан Иманзайыпов қызметінен ресми түрде босатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тиісті құжатқа бүгін, 4 қыркүйек қол қойылды.

"Ержан Бейбітұлы Иманзайыпов Павлодар қаласы әкімі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Оның міндетін енді Павлодар әкімінің орынбасары Қадиша Қабылдақызы Беготаеваға жүктелді.
Бұған дейін қала әкімін қызметінен босату туралы шешім қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауына, облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар тұрғындарымен коммуникациясының нашар болуына байланысты қабылданғаны хабарланған болатын.