АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 7%-ке артады.
Тиісті үкімет қаулысы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген құжатта.
Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды.