ЕЭК кеңесі тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштердің қауіпсіздігі регламентін өзгертті

Рұқсат етілген тағамдық қоспалар тізімінен 19 позиция алынып тасталды да, жаңадан 6 атау қосылды
Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі "Тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге және технологиялық көмекші құралдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары" техникалық регламентіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
Өзгерістер тағамдық қоспаларға қойылатын талаптар, сондай-ақ ет өнімдеріндегі фосфор қышқылы мен тағамдық фосфаттардың мөлшері бойынша ЕАЭО заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен әзірленді.
Сонымен қатар олар тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің, технологиялық құралдардың қауіпсіздігі саласындағы халықаралық және еуропалық заңнамаға енгізілген өзгерістер де назарға алыннды, деп жазылған ЕЭК хабарламасында.
Өзгерістер кешенді құжат болып табылады, олар техникалық регламенттің бес бөлімін және оған 29 қосымшаны, оның ішінде тағам өнімдеріне рұқсат етілген тағамдық қоспалардың және хош иістендіргіштерге рұқсат етілген дәм-хош иістендіргіштердің тізбесін жаңартуды көздейді.
Қандай өзгерістер болады:
рұқсат етілген тағамдық қоспалар тізімінен өзектілігін жоғалтқан 19 позиция алынып тасталды, сондай-ақ 6 позиция қосылды;
ферменттік препараттар тізбесі және дәм-хош иістендіргіш заттардың тізбесі кеңейтілді;
жекелеген тағамдық қоспаларды қолдану аясы түзетілді және қазіргі заманғы номенклатураны ескере отырып, тамақ өнімдері топтарының атаулары түзетілді.
ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
ЕАЭО пен Африк елдерінің ынтымақтастығы күшейеді