Астанада дәрігерлер қарт науқастың аяғын ампутациядан аман алып қалды

Емхана хирургтары аяқ тамырларының өткізгіштігін қалпына келтірді
Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Астанада дәрігерлер егде жастағы ер адамның аяғын ампутациядан аман алып қалды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
82 жастағы пациент ұзақ уақыт бойы атеросклерозбен ауырған, бұл аяқ тамырларының бітелуіне әкелді. Салдарынан аяғында трофикалық жаралар пайда болған.
City-дің жеке емханасында амбулаториялық жағдайда ер адамға аяқ тамырларының артериялық қан ағымын қалпына келтіру үшін сирек операция жасалды.
Нәтижесінде емхана хирургтары аяқ тамырларының өткізгіштігін қалпына келтірді және қысқа уақыт ішінде пациентті ампутация мен мүгедектікке жеткізбестен трофикалық жаралардың толық жазылуына жағдай жасады.
"Әкем 20 жылдан бері ауырады. Бұрын дәрігерлер ауырсынуды басатын көптеген дәрі-дәрмек тағайындайтын. Соңғы бірнеше жылдың ішінде әкем ұйқысынан айырылды. Бірнеше рет тексерістен өтіп, консультация алғаннан кейін біз осы емханаға келдік. КТ зерттеуін жүргізу кезінде ангиохирург бізге әкемнің не себепті азап шегуіп жүргенін көрсетіп, түсіндірді", - дейді науқастың балалары.
"Осы кезде аяғы қарайып кетті, дәрігер енді уақыт жоқ, оны аман алып қалу керек деді. Егер бұл жасалмаса, ауру өршуі мүмкін еді. Біз үміт бар екеніне қуандық, талдауларды жинап, операцияға дайындала бастадық. Біз оны МӘМС бойынша тегін өткіздік. Қазір әкеміз өзін жақсы сезінеді және бірнеше жылдан кейін алғаш рет түнде ұйықтады. Дәрігерлерге көп рахмет", - деп толықтырды олар.