Ақтөбе облысының әкімдігі газ тапшылығының себебін түсіндірді

Сұйытылған мұнай газын темір жол көлігімен жөнелту 2023 жылғы тамызда 20%-ға төмендеді
Sputnik
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімдігі аймақтағы сұйылтылған мұнай газы бойынша ағымдағы ахуалжы жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізудің 2023 жылғы 3 тоқсанға арналған жоспарына сәйкес энергетика министрлігі Ақтөбе облысына 33 228 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді (шілде – 10 219 тонна, тамыз – 12 394 тонна, қыркүйек – 10 615 тонна).
ІІМ полиция департаментінің деректері бойынша, бүгінгі таңда Ақтөбе облысында газ жабдығымен жабдықталған 52 949 автокөлік тіркелген. Сондай-ақ, өңірдің транзиттік әлеуетін ескере отырып, ҰҚК шекара қызметі департаментінің деректеріне сәйкес өңір аумағына кіретін автокөлік саны айына: мемлекеттік нөмірімен 4 520 бірлікті және шетелдік нөмірімен 9 369 бірлікті құрайды.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының ішкі нарығының қажеттілігін жабу үшін бүгінгі күні 16 000 тонна сұйытылған мұнай газы қажет. Ақтөбе облысының аумағында 7 газ толтыру станциясы, сондай-ақ 181 автогаз құю станциясы жұмыс істейді. Өңір аумағында сұйытылған мұнай газын өндіретін үш зауыт жұмыс істейді, атап айтсақ олар – "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "Gas Processing Company" ЖШС.
"Газ құю станцияларда кезектердің пайда болуы бірнеше факторларға, біріншіден, "СНПС Ақтөбемұнайгаз" АҚ-ның Жаңажол мұнай-газ кешенінің ГӨЗ-2-де жөндеу жұмыстарына байланысты, сұйытылған мұнай газын темір жол көлігімен жөнелту 2023 жылғы тамызда 20%-ға төмендеді", - деп түсіндірді ведомство.
Сонымен қатар, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-де компрессордың тоқтауына байланысты тамыз айында газ өндіру тәулігіне 84 тоннадан 64 тоннаға дейін кеміді.
Энергетика басқармасы үш өндіруші зауытта жыл сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстары болатыны туралы хабарлайды.
Қазіргі таңда Шымкент мұнай-газ өңдеу зауытынан Ақтөбе облысына 650 тонна өнім бөлінген, ол ай соңына қарай толықтай жеткізіледі.
Мәселе – облыс басшылығының тұрақты бақылауында.
Ақтөбеде магистралды газ құбырының жаңа желісі салынады