Тоқаевтың кеңесшісі мен экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі мен экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Баспаев президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ол бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған еді.
Ал Әсет Ерғалиев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болады. Ол жаңа қызметке дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін басқарды.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен президент әкімшілігінің жаңа құрылымы бекітілді.
Құжатқа сәйкес, президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылды. Сондай-ақ төрт бөлім қысқартылды.
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен президент әкімшілігінің құрылымын бекітті