Жүргізушілерді медициналық куәландыру электронды форматқа ауыстырылады

Жүйелерді интеграциялау қағазсыз құжат айналымын іске асыруға мүмкіндік береді
Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Жүргізушілердің психоактивті затты пайдалану фактісі мен мас күйін медициналық куәландыру электронды форматқа көшіріледі, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Пилоттық жоба Павлодар облысында іске қосылды, оның аясында 2000-нан астам электронды жолдама мен медициналық куәландырудың электронды актісі жасалады.
"Бүгінгі таңда жобаның пилоттық кезеңіне Алматы, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары да дайын. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірін қатыстыру жоспарда бар", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан басқа, алдағы уақытта жол апаты кезінде Еуропалық хаттаманы енгізу аясында сақтандыру жағдайларын ресімдеу кезінде дерек алмасу үшін Мемлекеттік кредиттік бюроның сервистерімен медициналық куәландырудың электронды жүйесін интеграциялау жүзеге асырылды.
Интеграция әкімшілік процестерді цифрландырудың маңызды қадамы саналадыбұл деректерді алмасу уақытын қысқартуға, ашықтықты қамтамасыз етуге және жүргізушілерді медициналық куәландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайтуға мүмкіндік береді.