Президенттің Қазақстан халқына жолдауы - 2023

Тоқаев 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем беруді тапсырды

Сондай-ақ президент қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдау міндетін жүктеді
Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр және зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем беруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде өндірісте жарақат алу көрсеткіші әлі де жоғары болып тұр. Ал зиянды өндірісте жұмыс істейтін азаматтарды қолдау мәселесі бұрыннан бері талқыланып келеді. Бүгінде оның шешімі табылды.
"Өз саласына сіңірген үлесін және денсаулығына келген зиянын ескере отырып, ондай жұмысшыларға зейнет жасқа жеткенге дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем берілетін болады. Парламентті үкіметтің ұсынысын тездетіп қарауды сұраймын. Адамдар осы мәселенің шешімін күтіп отыр", - деді Тоқаев бүгінгі жолдауда.
Сондай-ақ президент жылдың аяғына дейін 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауды тапсырды.
Шахтерлердің зейнет жасын төмендетуга арналған заңнамалық өзгерістер енгізіледі - үкімет