Қар аралас жаңбыр, найзағай: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

Елдің көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық ауа райы сақталады
Sputnik
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Күздің алғашқы демалыс күндері салқын және жаңбырлы болады деп болжады синоптиктер.
Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы күндері елдің көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық ауа райы сақталады.
Солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын, қар түріндегі жаңбыр күтіледі, найзағай түсіп, екпінді жел болады.
Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 13-20 жылы, түнде таулы аймақтарда 0-5 жылы болады болжанады.
Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа- райы, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фонмен сақталады.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Астанада бір айлық нормадан көп жауын жауды