АСТАНА, 31 тамыз - Sputnik. Ақмола облысының Үшқарасу ауылында ірі қара малдан сібір жарасы анықталды.
Бұл туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жазылды. Қандай шара қабылданатынын туралы қоғамдық талқылау 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
Індет Қостанай облысы Қарасу ауданында да тіркелгені туралы әлеуметтік желілерде тұрғындар ақпарат таратып жатыр. Ауыл тұрғындары малды сойып, өртеп жатыр.
"АРК жаңалықтары" агенттігі инфекция адамдарға да таралғанын айтады.