Өскеменде жасалған салат Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі

Аспаздар Италияның танымал Капрезе салатының ең ұзын нұсқасын жасады
Sputnik
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Өскемендіктер әлемдегі ең үлкен Капрезе салатын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Конституция күніне арналған мерекелік шарада мейрамханалар тамақтың түр-түрін ұсынды. Аспаздар таңдаулы асты жасады. Былтыр қаланың орталық алаңында "Шығыстың дәмі" ұйымдастырылған болатын. Биылдан бастап оны дәстүрлі түрде өткізуге шешім қабылданды.
Осы жолы кәсіби аспазшылар рекорд орнатуға бел буды. Олар Италияның танымал Капрезе салатының ең ұзын нұсқасын жасады. Ал Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері оны өлшеп шықты. Нақты көрсеткіш – 100 метр 15 сантиметр. Мега-салатқа 65 келі қызанақ мен 50 келі моцарелла кетті.
"Бұл – әлемдік рекорд! Қазір біз оны Қазақстанның рекордтар кітабына тіркеді. Бірақ Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген ең ұзын Капрезе 66 метрді құрап отыр. Біз болсақ, 100 метр, нақты айтсақ, 115, осы көрсеткішткі алдымен Қазақстанның рекордтар кітабында, одан кейін Гиннестің рекордтар кітабында тіркейді", - дейді шара ұйымдастырушысы Оксана Жегульская.
Өңірлер
Салат жасамақшы болған: Қызыл кітапқа енген өсімдікті жұлған үш жігіт сотталып кетті