Қазіргі уақытта ең танымал америкалық журналист Такер Карлсон еуропалық турнесін жалғастырып, оның барысында тілші Сербия президентінен сұхбат алып үлгерді. Ал кеше ғана Венгрия басшысымен сұхбатты жариялады, деп жазды РИА Новости.
Виктор Орбан бірден еуропалық саяси жанжалға қатысты пікір білдірді. Ол ресейлік газды жеткізу бағдарының жұмысына кедергі жасаудың кез келген әрекетін Венгрия мен Сербия соғысқа сылтау ретінде қарастыратынын айтты.
Бұл өте ашық дипломатиялық сипатта айтылғанды қарапайым тілмен жеткізгенде кімде-кім "Түрік ағыны" құбырын жарып жіберуге немесе басқа жолмен істен шығаруға әрекеттенсе, Будапешт пен Белград қолдарына қару алып, броньдалған техниканы тарта отырып, құбыр үшін күресуге дайын екенін білдіреді. Сөз соңында Орбан тиісті тараптар оның мәлімдемесін естіп, бәрін дұрыс түсінгеніне сенім білдірді.
Батыстың көзқарасы тұрғысынан Виктор Орбан бүлікші ретінде сипатталса да, ол басқа Еуроодақтағы елдер мен саясаткерлер айтпай отырған нақты фактілерді айтады.
Венгр көшбасшысының сұхбатымен бір уақытта Financial Times газетінде мақала жарияланып, онда Global Witness халықаралық ұйымының деректеріне сілтеме жасай отырып, осы жылдың соңына дейін еуроаймақ елдері Ресейде өндірілетін сұйытылған табиғи газды рекордтық көлемде сатып алатыны анық айтылған. Талдауда ресейлік сұйылтылған табиғи газдың негізгі сатып алушысы дәстүрлі түрде Қытай екені, осы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында бұл елге жеткізілім көлемі бірден 62,7 пайызға артып, 4,46 миллион тоннаға жеткенін көрсететін деректер келтірілді. Осыған ұқсас процесс қаржылық тұрғыдан да байқалды – бағаның өсуіне байланысты ресейлік энергетикалық ресурстардың экспорты 20 пайыздан астам қымбаттады, ал трейдерлердің кірісі үш миллиард долларға сәл жетпей қалды.
"Қытайдың бұл тізімде болуы қалыпты жағдай. Бірақ одан әрі тізімде мүлдем күтпеген елдер бар. Ресейлік сұйылтылған табиғи газды сатып алу бойынша Испания екінші орында, Бельгия үшінші орында тұр. Осы елдерге ресейлік импорттың күрт өсуінің арқасында ЕО аясында сұйытылған газды сатып алудың жалпы көлемі бірден 40 пайызға өсті. Financial Times да, Global Witness да бір жыл бойы Ресейге қарсы қатаң санкцияларға төтеп бере алмаған еуропалық мемлекеттердің бұл күйінп наразы екендерін аңғартқан", - деп жазды мақала авторы.
Еуропа Ресейдің энергия тасымалдаушыларынан бас тартып, оның қорғаныс бюджетін тоқырауға ұшырататыны туралы уәдені бүкіл әлем естіді. Асығыс енгізілген тыйымдар мен эмбарголардың салдарынан Ресей барлық негізгі тауар түрлерінің негізгі жеткізушісі болып табылатын халықаралық нарықта толық дүрбелең орын алып, баға шарықтады. Бұл өткен жылы ресейлік мұнай, газ, көмір және оларды өңдеу өнімдері мемлекет бюджетіне 300 миллиард долларға жуық кіріс әкелуіне себепші болды. Мазасыздана бастаған еуропалықтардың бұл күйін Норвегия АҚШ та өз пайдасына қолданып үлгерді.
Осы жылы Батыстағы саяси көшбасшылар бұл мәселеде позитивті мәлімдемелерді жиі жасағанмен, бұл әрекет физикалық географияны да, логистика заңдарын да өзгерткен жоқ. Көмірсутегі кен орындары өз орнында қалды, ал споттық келісімшарттарға көшу және құбыр өнімдерін жеткізуден бас тарту тасымалдаушылар мен сауда флоттарының иелері өндірушілерге қарағанда еселеп табыс табуына әкелді.
Автор жазғандай, ресейлік либералдық қауымдастықтың ішінде ұжымдық Батыс мұндай қаржылық тығырықтан еш қиындықсыз шығады деген түсінік кең таралған. Қанша қажет болса, сонша ақша басып шығарады. Бірақ нарықтың шындығы басқа. Себебі ауқымды санкциялық соғыс басталғаннан бері екі жылдан аз уақыт өткен шақтың өзінде тіпті еңең күшті саналатын неміс экономикасы да рецессияға ұшырады.
Брюссель әрбір жеке елдің тұтыну үлесін ескере отырып, энергия ресурстарын бір реттік сатып алуда көшбасшы болуға тырысты. Бірақ бұл әдіс іске аспады да, бүгінде әрбір ел үнсіз өз қорын толтыруға тырысып жатыр. Олар тіпті ьату емес Ресейдің мұнайы немесе табиғи газын алуға дайын екені байқалады.
Батыста Мәскеумен сауда байланысын үзу ештеңеге әсер етпейді деген сипатта қаншама мақала жазылды, қаншама сөз айтылды, қаншама уәде берілді. Анығында Еуропа көмірсутектерді шығыстан сатып алуды жалғастырып жатыр. Сонымен қатар өсу қарқынына қарағанда, басқа бағыттар бойынша жеткізілім көлемі шектеулі немесе қымбат болғаны соншалық, Еуроодақ мемлекеттері қолдарына қару алып құбырлары мен терминалдарын қорғауға дайын.