АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен 133 км жылу желілерін жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Ведомство мәліметінше, ел бойынша шамамен 14 мың км жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54% -ті құрайды.
"Қазір барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл 133 км жылу желілерін жаңғыртуға министрлік республикалық бюджеттен 109,5 млрд теңге бөлді", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозуын 43% -ке дейін төмендету міндеті тұр.