Алматыда 115 мыңнан астам студент жоғарылатылған стипендия алады

Стипендия бакалавриат студенттері үшін 20%, магистратура-докторантурада оқитындарға 15%-ке көбейеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Алматыда 115 мыңнан астам студент 1 қыркүйектен бастап жоғарылатылған стипендия алады, деп хабарлады қала әкімдігі.
Президенттің тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік стипендиялардың мөлшері көбейеді. Алматыда бұл өзгеріс 35 жоғары оқу орны мен 85 колледждің 115 мыңнан астам студентіне қатысты.
Бакалавриат студенттері стипендиясы 20%, магистратура-докторантурада оқитындарға 15%, ал техникалық және кәсіптік білім алушы студенттерінің шәкіртақысы 50%-ке өседі.
Зейнетақы, жәрдемақы және стипендия өседі: әлеуметтік салаға 9,9 трлн теңге бөлінбек