АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы былтырғымен салыстырғанда биыл шілдеде 3,4%-ке, өсімдік шаруашылығының өнімі 7,2%-ке, мал шаруашылығы өнімі 1%-ке төмендеді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі комиссияның статистика департаментіне сілтеме жасап.
ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бағасының индексі 2023 жылы шілдеде 100,1% болды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 94,9% болған.
Желтоқсан айымен салыстырғанда Арменияда (22,7%-ке), Беларусьте (7,8%-ке), Қазақстанда (4,7%-ке) және Ресейде (2,7%-ке) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бағасы төмендеген. Ал Қырғызстанда баға 2,7%-ке қымбаттаған.