Фото

Балық, мысық және аяқ киім: әлемдегі ерекше пішіндегі 10 ғимарат – фото

Сәулетшілер шығармашылық адам екені белгілі. Олардың қиялы кейде шекті білмейді. Бүгінгі суреттер топтамасынан ең ерекше пішінді ғимараттар мен құрылыс нысандарын тамашалай аласыздар.
Sputnik
Кітап жинағы түріндегі кітапхана, мысық кейпіндегі балабақша, аяқ киім-үй. Әлемде мұндай ерекше ғимараттар өте көп. Бұл суреттер топтамасында осындай ғимараттардың үздік ондығы жинақталды.
Мұндай нысандарда қарапайым адамдар қалай өмір сүреді, жұмыс істейді және демалатынын суреттер топтамасынан көріңіздер!
1 / 10

Үндістанның Хайдарабад қаласындағы балық пішінінде жобаланған Ұлттық балық шаруашылығын дамыту кеңесінің ғимараты. Ғимараттың құрылысына үш миллион еуро жұмсалған.

2 / 10

Иттің басы пішінінде салынған ғимарат, Тирау, Жаңа Зеландия.

3 / 10

Канзас-Ситидегі қоғамдық кітапхана, Миссури штаты, АҚШ. Кітап пішіндес ғимарат.

4 / 10

Өзге ғаламшарлықтардың ұшатын аппараты түріндегі қонақ үй, Домбай.

5 / 10

Бойжеткен Брюссельдегі Атомиум ғимаратының жанынан өтіп бара жатыр, Бельгия.

6 / 10

Чиайи округінде биік өкшелі туфли түрінде салынған неке қию шіркеуінің құс ұшар биіктіктен түсірілген көрінісі, оңтүстік Тайвань.

7 / 10

"Мысық" балабақшасы, Карлсруэ, Германия.

8 / 10

Португалиядағы тас үй.

9 / 10

Аяқ киім түрінде салынған ғимарат, АҚШ.

10 / 10

Ньюарк қаласындағы себет пішінінде салынған Longaberger штаб-пәтері, АҚШ.