Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады

Қазақстан алты айға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды жоспарлап отыр
Sputnik
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды ұсынды.
Ведомство "Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрықтың жобасын дайындады.
Бұйрыққа сәйкес тыйымды6 ай мерзімге енгізуқарастырылған.
Жоба 2023 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Заң жобасының орындалуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп бақылайды. Бұған дейін Қазақстанда рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге 2006 жылы тыйым салынған болатын.