29 тамызда Амурдағы Комсомольск қаласында импорттың орнын басу үшін шығарылған SJ-100 ұшағының әуеге көтерілуі өндірісті ұлғайту және үлгілер түрін кеңейту үшін негізгі жағдайларға ие авиация өнеркәсібінің қайта жанданғанын көрсетеді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
29 тамызда "Ростех" импорттық өнімді ауыстыруға арналған Superjet ұшағының Амурдағы Комсомольск қаласында алғашқы 53 минуттық рейсін орындағанын жариялады. "Яковлев" өндірістік орталығы шығарған ресейлік қысқа қашықтыққа арналған SJ-100 ұшағының тәжірибелік үлгісі 3000 метрге дейінгі биіктікте әуеде жақсы басқарылатынын және тұрақтылықты көрсетті, соңғы үш жылда қырық жүйе ресейлікпен ауыстырылған барлық жүйеленің тұрақты жұмысын растады. Superjet ұағындағы импорттық жабдықтардың үлесі бұрын 70%-ға жетті, бірақ жаңа ресейлік SSJ-100 ұшағы құрылымдық жағынан мүлдем басқа машина.
Ресейлік әзірлеушілер мен өндірушілер ұшаққа авиониканы, шассиді, қосалқы күш жадығын, кешенді басқару жүйесін, сондай-ақ электрмен жабдықтауды, ауаны желдету, өртке қарсы қорғаныс жүйелерін қамтитын өздерінің жобалық шешімдері мен технологияларын енгізе алды. Ұшу сынақтары 2022 жылдың желтоқсанында басталған ПД-8 қозғалтқыштары ерекше назар аударуға лайық. Жаңа "Суперджет" ұшағының сынақ бағдарламасын жылдамдату үшін тәжірибелік үлгіде "ескі" француз-ресейлік SaM146 қозғалтқыштары қолданылады. SJ-100 ұшағына ресейлік қозғалтқыштар бір апта дан кейін беріледі.
"Жаңа буынға жататын ресейлік цифрлық "Суперджет" – болашаққа жасалған технологиялық серпіліс. Қозғалтқыш – ұшақтың ең маңызды және күрделі құрамдас бөлігі. 8000 килограмға дейінгі үдету күші бар классикалық қос контурлы турбореактивті ПД-8 қозғалтқышы ПД-14 қозғалтқышымен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, "Энергомаш" ҮЕҰ мамандары мен ғарыштық технологияларды тарта отырып жасалды. ПД-8 2022 жылдың мамыр айында стендтік сынақтардан сәтті өтті және Ил-76 ұшу зертханасының бөлігі ретінде ұшу сынақтарын аяқтап жатыр", - деп жазды Хроленко.
Бұған дейін Ресейдің индустрия және сауда министрі Денис Мантуров ПД-8 жобасы алдағы онжылдықтарда Ресейдің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететінін атап өткен болатын. Жаңа SSJ-100, Бе-200, Ил-112В ұшақтары мен Ми-26 ауыр тікұшағына арналған ПД-8 турбореактивті қозғалтқыштарын 2023 жылдың соңына қарай сертификаттау және сериялық өндіріске енгізу жоспарланып отыр.
Жаңа буынға жататын қысқа қашықтыққа ұшатын SJ-100 реактивті ұшағы 4320 шақырымға дейінгі ұшу қашықтығын, 103 жолаушыға дейінгі сыйымдылықты (ең жоғарғы коммерциялық жүктемесі – 10 860 килограмм) және жайлылықты үйлесімді біріктіреді. тамаша аэродинамика, 930 км/сағ крейсерлік жылдамдығы, ұшуды электронды қашықтықтан басқару жүйесі, 2000 метрге дейінгі ұшу-қону жолағында, әртүрлі климаттық аймақтарда және минус 54 C-ден +45C-қа дейінгі температурада жұмыс істеу мүмкіндігі "Суперджет" ұшағының артықшылығы саналады.
Ресейде шамамен 200-ге жуық SJ-100 құрастырылды және бұл ұшақты тоғыз авиакомпания пайдаланады. Бір ғана "Аэрофлот" SSJ-NEW модификациясының 89 ұшағына тапсырыс берді.
Хроленконың мәліметінше, шетелдік сұраныс та өсіп жатыр: Мексиканың Interjet әуе компаниясы 30 дана "Суперджет", ирландиялық CityJet әуе компаниясы – 15, индонезиялық Sky Aviation компаниясы – 12, таиландық Kom Airlines – 6, швейцариялық Comlux – 2 дана SJ-100 ұшағына тапсырыс берді. Ирандағы Iran Aseman Airlines және Iran Air Tours әуе компаниялары жаңа нұсқадағы, яғни Ресейде жасалған құрамдас бөліктері бар 40 дана SSJ-100 ұшағын жеткізу туралы келісімге қол қойды.
Тәжірибелі сынаушы-ұшқыш Леонид Чикунов SJ-100 ұшағында 2008 жылдан бастап ұшады және ол машинаны жоғары бағалайдыү Ұшқыш басқарудың қарапайымдылығын, сенімділігін және қауіпсіздігін ерекше атап өтеді. Екі қозғалтқыш істен шыққан жағдайда да "Суперджет" 10 мың метр биіктіктен 150 шақырымға дейінгі ұшуды жоспарлай алады. Бұл қону үшін ең жақын аэродромды таңдауға мүмкіндік береді.
Бастапқыда SJ-100 ұшағы сериялық өндірісі тоқтатылған Як-42, Ту-134, Ту-154 ұшақтарын қысқа және орта қашықтықта ауыстыру үшін жасалды. Ресейлік "Сухой" компаниясы "Суперджет" ұшағын италиялық Alenia Aeronautica компаниясымен стратегиялық серіктестікте және француздық Snecma компаниясымен және америкалық Boeing корпорациясымен кооперация бойынша бірлесіп әзірледі.
"Алайда, Батыс санкциялары салдарынан халықаралық кооперация толығымен сәтсіздікке ұшырады. 2022 жылдың көктемінде ресейлік азаматтық авиацияға қатысты енгізілген шектеулер жеке жобалардың жоспарларын және тұтастай алғанда авиация саласының стратегиясын айтарлықтай өзгертті. Шетелдік жабдықтарды жеткізуді тоқтату Superjet 100 ұшағын сертификатталған түрде дайындау мүмкіндігін жоққа шығарды. Жаңа, ресейлік SSJ-New ұшағындағы импортты жабдықтарды алмастыруды және сертификаттауды үдетуге тура келді", - деп жазды Хроленко.
Рыбинскте ақпан айында өткен отырыста РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев таяу жылдары ресейлік авиакомпаниялар паркіндегі ресейлік ұшақтардың үлесін 35-тен 81 пайызға дейін арттыру жоспарланып отырғанын айтты. Ресей Федерациясының әуе көлігі саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы мыңнан астам ұшақты, оның ішінде 270 дана МС-21, 142 дана "Суперджет", 70 дана Ту-214 магистральдық ұшақтарын, сондай-ақ 100 дана толық жаңартылған күрделі климаттық аймақтарға арналған Ил-114-300 ұшағын жеткізуді көздейді. Ресейлік ұшақтар мен тікұшақтарды сериялық дайындау үшін бес мыңға жуық қозғалтқыш шығару қарастырылған.
Авиация өнеркәсібінің ғылыми-өндірістік әлеуеті Ресейге әскери салада ғана емес, азаматтық авиация саласында да әлемдік көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Авиация өнеркәсібі жаңа технологияларды дамыту драйверлерінің біріне айналып жатыр. Ал егер ПД-14 қозғалтқышы әлемдегі ең танымал Boeing-737 ұшағымен және оның еуропалық аналогтарымен бәсекелесуге негіз болса, онда ПД-8 қозғалтқышы жоғары сұранысқа ие аймақтық ұшақтарды өндіру секторындағы Ресейдің позициясын нығайтады.
Бүгінгі таңда Boeing және Airbus бәсекелестерінің ешқайсысы өз қозғалтқыштарын шығара алмайды. Бұл америкалық және еуропалық жеткізілімдерге тәуелділік тудырады. ПД-8 қозғалтқышының сериялық өндірісін бастау арқылы Ресей өзінің технологиялық базасын пайдалана отырып, әлемге Батыстан тәуелсіздікке жол ашады. Бұл тең және бөлінбейтін қауіпсіздіктің көпполярлы әлеміне қарай бағытталған тағы бір сенімді қадам.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.