АЛМАТЫ, 29 тамыз – Sputnik. Қостанайда екі ай бұрын 119 миллион теңгеге төселген жаңа асфальт бұзылып жатыр, деп хабарлады "Алау" порталы.
Шипин көшесінде бұрын-соңды асфальт болмаған. Тұрғындардың талай жылғы өтінішінен кейін екі ай бұрын асфальт жол салынған.
"Мен 2000 жылы осында көшіп келдім. Осыдан екі ай бұрын асфальт төселді. Алайда жолдар қайта бұзылып, көлігіммен кіре алмай қалдым. Үйге келгенде көлігімді қалдырып, жаяу келемін", - дейді қала тұрғыны Ғалия Ибраева.
Ал Светлана Весованың айтуынша, тұрғындар асфальттіңсапасыз төселіп жатқанынбілген.
"Қиыршық тас болған жоқ, құм төселмеді", - дейді ол.
Тұрғындар сапасыз жолға мердігер кінәлі деп санайды. Ал ТКШ бөліміндегілербұл сөзбен келіспейді.
"Бұл жолға 119 миллион теңге жұмсалды. Асфальт сапасыз салынғаннан емес, топырақтың әсерінен бұзылды. Біз себебін анықтаймыз, қазір нақты айта алмаймын", - дейді ТКШ бөлімінің бас маманы Шыңғыс Омаров.
Шыңғыс Омаровтың айтуынша, "Қостанай су" коммуналдық кәсіпорны үш жыл бойы Шипина көшесінде гравитациялық коллекторды қайта құрумен айналысқан.
"Жаңбырдың салдарынан топырақ отырған. Кепілдік міндеттемелері аясында мердігер ұйым олқылықты түзетеді. Өз қаражаты есебінен олар мұның бәрін қалпына келтіруге міндеттеледі. Жұмыс бүгін басталуы керек. Біз мұнда ешкім құлап қалмау үшін қоршау қойдық", - деді "Қостанай су" МКК бас инженері Сергей Кривошилов.
Мұнда асфальт қана емес, жаяу жүргінші жолы да бүлінген. "Қостанай су" бас инженері мердігер бір апта ішінде зақымданған аумақты қалпына келтіретінін айтты.