Фото

Париж Еуропада бірінші болып электрсамокатты жалға алуға тыйым салды – фото

Махаббат қаласы саналатын Париж Еуропада бірінші болып электрсамокатқа тыйым салды
Sputnik
Романтикалық көлік саналатын бұл қозғалыс құралымен адамдар енді 1 қыркүйектен бастап француз көшелерін аралай алмайды. Мұндай шешімнің себебі туралы толығырақ суреттер топтамасынан оқыңыздар.
Әлемдегі ең романтикалық қала мұндай шектеулерге жүгінген алғашқы еуропалық мегаполис болды. Мұнда күзден, яғни 1 қыркүйектен, бастап электрсамокатын жалға алуға тыйым салынады.
Еске салсақ, Қазақстанда самокатпен жүргізуші куәлігі болған жағдайда ғана көшелерде жүре алады.
2 / 8

Париж тұрғындарының 89%-ы электр самокатына тыйым салуды қолдады.

3 / 8

Париж билігі электрлік самокатын жалға беру қызметін ұсынатын үш жеке оператормен келісімшартты ұзартудан бас тартты.

4 / 8

Самокатты тамыз айының соңына дейін пайдалануға болады.

5 / 8

Дегенмен операторларға қыркүйектің басынан бастап Париж көшелерінен самокаттарды алып тастау туралы бұйрық берілді.

7 / 8

Оператор компаниялар көліктің осы түріне техникалық қызмет көрсетуді орындап, содан кейін оны Францияның басқа қалаларына, сондай-ақ басқа елдерге жөнелтпекші.

8 / 8

Бұл шектеу тек жалға берілетін электр самокатына қатысты екенін ескеру керек. Париждіктер кейбір шектеулермен жеке самокаттарын пайдалана береді.