Маңғыстаудағы жартасқа жазу жазған мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті

Жұмыстан шығар алдында мәдениет үйінің басшысы видео хабарлама жазып, жасаған ісіне өкінетінін айтты
Sputnik
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Маңғыстаудағы Ыбықты Сай шатқалындағы жартастарға жазу жазғаны Ақтөбедегі зағиптарға арналған мәдениет үйінің директоры жұмыстан босады.
Ер адамның бірегей табиғат ескерткішіне сурет салған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тараған. Кейіннен бейнежазбадағы адамның Ақтөбедегі зағиптарға арналған мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екені белгілі болды.
Жұмыстан шығар алдында мәдениет үйінің басшысы видео хабарлама жазып, жасаған ісіне өкінетінін айтты.
"Бүкіл жартас боялған. Мен жартаста жазылған ұятсыз сөзді түзеткім келді. Бауырлар, мен мұны жаман пиғылмен жасаған жоқпын. Менің тарихи ескерткішті бүлдіру туралы ой болған жоқ",-деді мәдениет үйінің бұрынғы басшысы.
Белгілі болғандай, Манас Көшербаев жартасқа қызының атын жазған.
"Мен жартаста жазылған дөрекі сөзді түзеткім келді. Бауырлар, мен мұны жамандықтан жасаған жоқпын. "Қателеспейтін жан жоқ" деген сөз бар. Мені қатты сөге жамандамаңыздар, өтінемін. Менде тарихи ескерткішті бұзу туралы ой болған жоқ. Маңғыстау тұрғындары мен отандастарымнан кешірім сұраймын", - деді Манас Көшербаев.
Өңірлер
Желіде тарап кетті: полиция видеодағы ақтаулықтарды іздестіріп жатыр