АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Астанада LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі "Номад" тұрғын үй кешенінен Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) оңтүстік жағымен (көпірге қарай бағыт) қозғалыс шектеледі, деп хабарлады City Transportation Systems.

"Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады", - деп жазылған хабарламада.
Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.
Шектеу осы учаскеденөтетін қоғамдық көлік қозғалысына өзгеріс енгізбейді.