Видео

Жақын арада ТМД елдерінде ҰҚШҰ-ның қандай оқу-жаттығулары өтеді - видео

ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров ұйымның алдағы бірлескен әскери жаттығуларына дайындық туралы айтты. Толығырақ-бейнежазбада.
Sputnik
Сидоровтың айтуынша, атап айтқанда, ҰҚШҰ-ның Беларуссиядағы алдағы жаттығуларында дрондарды қолдану және оларға қарсы тұру пысықталады.
"Көптеген жаңа эпизодтар пысықталатын болады. Мен барлығын тізіп айтпай-ақ қояйын. Бірақ тақырыптардың бірі - ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді қолдану. Бұл негізгі мәселелердің бірі", - деп атап өтті ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы.
"Сонымен қатар, электронды күрес мәселелері пысықталатын болады", - деп қосты ол. Сондай-ақ Сидоров оқу-жаттығу барысында "әскерлерді басқару мәселесіне басты назар аударылатынын" айтты.
"Әскери бауырластық - 2023" жедел-стратегиялық оқу - жаттығуын өткізудің ерекшелігі ұйымның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қолдану, қарулы жанжалды оқшаулау, қарулы жағдайды тұрақтандыру, жанжал аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі міндеттерді кезең-кезеңімен бөлек пысықтау болып табылады", - деді ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы брифинг барысында.
Тікелей эфир жазбасын қараңыз.