АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Алматыда кәсіпкердің үйінен 250 мың доллар ұрлаған күдікті ұсталды.
34 жастағы ер адам терезе арқылы бөтен біреудің үйіне кіріп, сейфті ұрлап кеткен. Сейфтің ішінде 250 мың доллар жатқан. Ұрлық кезінде үйде ешкім болмаған, үй иелері бірнеше күнге демалысқа кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Отағасының айтуынша, ол жеке кәсіпкер.
"Жедел және арнайы шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.