Өңірлер

Алматыда автокөлік аялдамаға соғылды: жеті адам ауруханаға түсті

36 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған
Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Алматыда жеңіл автокөлік автобус аялдамасына соғылды, салдарынан 7 адам зардап шекті. Бұл туралы қаланың полиция департаменті хабарлады.
Жол апаты дүйсенбі 12:20-да болған.
36 жастағы жүргізуші Mercedes көлігімен оңтүстік бағытта Абылай хан көшесімен келе жатқан. Райымбек даңғылына бұрылып жатқанда ол рөлге ие бола алмай, аялдама кешеніне соғылған.
"Жол апаты салдарынан аялдамада тұрған 7 адам зардап шекті. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді", - делінген хабарламада.
Бұл факті Алмалы ауданы полиция басқармасында тіркеліп, өндіріске алынды.
Қостанай облысында шағын автобус бульдозермен соқтығысты: 4 адам қаза тапты