Саясат

1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы елорда уақытымен 11.00-ге белгіленді
Sputnik
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес парламент палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.
Бұл күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды деп күтілуде.