АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. 2023 жылдың 6 айында Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 11,38 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен (9,92 трлн теңге) 14,8%-ға артық, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
"Салық түсімі мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып қала береді, яғни бірінші жартыжылдықта барлық кірістің 78,9%-ін (8,98 трлн теңге) құрады", - деп жазылған хабарламада.
Трансферттер түсімі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің төрттен бір бөлігін құрайды. Ол 2023 жылғы 1-жартыжылдықта 18,8% тең.
Осы кезеңде Ұлттық қордан трансферттер 2,14 трлн теңгені құрады, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 1,20 трлн теңге, нысаналы трансферттер – 0,94 трлн теңге.
Салықтық емес түсім және негізгі капиталды сатудан түсетін түсім мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіндегі ең аз үлесті алады: 1-жартыжылдықта тиісінше 1,7% (0,20 трлн теңге) және 0,6% (0,07 трлн теңге).