Астанада үш елдің өкілдері электр энергиясын жеткізу мәселесін талқылады

Бірқатар өзара келісімге қол жеткізіліп, жеткізу көлемі мен шарттары анықталды
Sputnik
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Астанада Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық және су шаруашылығы ведомстволары өкілдері алдағы күзгі-қысқы маусымда электр энергиясын жеткізу, сондай-ақ басқа салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері электр энергиясын өзара жеткізу мәселесін талқылады
Кездесу барысында бірқатар өзара келісімге қол жеткізіліп, жеткізу көлемі мен шарттары анықталды.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері электр энергиясын өзара жеткізу мәселесін талқылады
Сондай-ақ тараптар:
электр энергиясын сағаттық есепке алуды жүргізу тетігін енгізу мүмкіндігін пысықтауға;
шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы жоспардан тыс ағындарды реттеуге шарттар жасасуға;
жоспардан тыс ағындарды реттеуге арналған шарттардың қолданыстағы талаптарын қайта қарауға келісті.
Қатысушылар бұрын қабылданған міндеттемелерді орындауға бейілділігін растады.
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан өкілдері электр энергиясын өзара жеткізу мәселесін талқылады
Су және энергетика ведомстволары өкілдерінің келесі кездесуі 2023 жылдың қарашасында Бішкекте өтеді.