АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Үкімет үйіндегі жиында Тамара Дүйсенова сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен, теологтармен мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында еліміздегі қазіргі діни ахуал, конфессияаралық келісімді нығайту бойынша алдағы шараларды қабылдау, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді шешу жолдары қарастырылды.
Жиын қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдарға барлық ұсыныстарды қарауды және оларды жұмыс барысында қолдануды тапсырды.