АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik.Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астанадағы бас мешітке барды, деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты.