Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептеліс: жағдай оңала бастады

Тоқаев Қазақстан үкіметіне қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасындағы серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды
Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. 25 тамыздан бастап қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай жақсара бастады, деп хабарлады 24.kg.
"Жағдай жақсарып келе жатқандықтан, Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерімен кездесу барысында біз Қырғызстан мен Қазақстан мәселені екіжақты форматта шешетінін атап өттік. Әзірге біз Еуразиялық экономикалық комиссия және Дүниежүзілік сауда ұйымы сияқты халықаралық алаңдарға жүгінбейміз", — деп атап өтті Қырғызстанның экономика және сауда министрінің орынбасары Назарбек Малаев.
Оның айтуынша, қазір "Ақ тілек" бекетінде сағатына орта есеппен он көлік өткізіледі. Бір тәулікте 280 автомобиль шекарадан өткен.
Айта кетейік, 26 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметіне Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды реттеуді тапсырған болатын.
Бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасында азақстанмен жүздеген жүк көлігі көп шақырымға созылған кептелісте тұрғаны хабарланды.
21 тамызда Қырғызстан жағынан "Ақ-Тілек" өткізу бекетінің алдында 370 көлік кептелісте тұрып қалды, кейіннен олардың саны 500-600-ге жетті.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті қандай да бір шектеулер енгізілмегенін, өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
Президент үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды