Қарағанды облысында үйінің алдында әйелді ұрып-соққан күдікті ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіні дүрліктірген Қарқаралының қарақшысы Қарағанды қаласында ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Күні кеше желіде үйдің алдында әйелді соққыға жыққан ер адамның видеосы тараған болатын. Үйдегі бала анасына жасалған шабуыл сәтін видеоға түсіріп үлгерген. Видеодағы ер адам қарақшы болып шыққан. Үйді тонамақ болғанда, баланың анасы келіп қалған. Сол кезде қарақшы әйелді соққыға жыққан.
Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, 25 тамыз күні күдіктіні іздестіру шараларына полициядан бөлек "Арлан" арнайы мақсаттағы жасақ та тартылды. Қарқаралының 30 жастағы тұрғыны Қарағанды қаласында ұсталды. Оны уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 195-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.