АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында көлікпен жардан құлаған әйел екі баласымен бірге Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 25 тамызда түнде Павлодарское ауылында болған. 43 жастағы әйел 6 және 9 жастағы екі баласымен бірге көлікпен жардан құлаған. Үшеуі де Ертіс өзеніне батып кетті, ешкім көліктен шыға алмаған.
Оқиға орнына бес құтқарушы және екі техника жіберілді. Түнгі сағат 22:53-те үш адамның мәйіті судан шығарылған.