АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар әкімі Ержан Иманзаиповты қызметінен босатты, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Шешім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстарының тиісінше ұйымдастырылмауына, облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар тұрғындарымен коммуникациясының нашар болуына байланысты қабылданды.
Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.
Айта кетейік, Иманзаипов қала әкімі қызметіне 2022 жылдың соңында тағайындалған еді.