Саясат

Тәжікстан президенті Астанаға келді

Рахмонды әуежайда Тоқаевтың өзі қарсы алды
Sputnik
АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды Ақорда.
Құрметті қонақты елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Қазақстан мен Тәжікстанның теміржолшылары бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлап отыр