АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында тас жолда болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Трагедия24 тамызда Қарабұтақ-Қостанай тас жолының 495-ші шақырымында болған. Toyota шағын автобусы бульдозермен соқтығысты.
Қостанай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
© Photo : Polisia.kz
Салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы үш жолаушы Рудный ауруханасына жеткізілді. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан.
"Жүргізушінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, бірқатар жол белгісін елемей, көлік қозғалысы үшін жабылған жолдың технологиялық бөлігіне қарай жүргені анықталды", - деп хабарлады полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу"бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.