Қарағанды облысында аудандық маслихат төрағасы жол апатына түсті

Жол апаты салдарынан жарақат алған 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысы Нұра аудандық маслихатының төрағасы Қуаныш Жүнісбеков жол апатына түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 8 тамызда болған.
"Сағат 02.00 шамасында "Осакаровка-Нұра" автожолында "Kia sporteig"автокөлігі аударылған. Жол апаты салдарынан жарақат алған 42 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.
Жол апатынан зардап шеккен адамның аудандық маслихат төрағасы Қуаныш Жүнісбеков екенін облыстық маслихат растады.
Балқашта жол апатынан тоғыз адам көз жұмды