БРИКС екі есе ұлғайып жатыр

Sputnik
22-24 тамыз аралығында Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка Республикасы) өткен БРИКС-тің XV саммиті Батыс үстемдігінің жойылуы, жаңа дәуір және жаңа әлемдік тәртіптің құрылысына бастау болатын мәселені көтерген оқиға ретінде тарихта қалады деп сенімді айтуға болады, деп жазды РИА Новости.
Ресейге ұжымдық Батыс жариялаған "бейресми" соғыс және олардың өз демократиясын насихаттау үшін жұмсаған ауқымды экономикалық және саяси ресурстарына қарамастан, әлемнің көп бөлігі жаңа тәртіпті құруды таңдады.
Саммит нәтижелерінің ішінде екі негізгі және бір басты мәселені атап көрсетуге болады. Біріншісі, БРИКС аясында дамыту және кеңейту туралы түбегейлі шешім қабылданды. Осы мақсатта қауымдастыққа мүше болғысы келетін елдердің өтініштерін қарау ережелері мен қағидалары, сондай-ақ процестері белгіленген құжат әзірленді және қабылданды. Бұл БРИКС-ті бүкіл әлем бойынша қарқынды ауқымын ұлғайтуға қабілетті ашық жүйеге айналдырады, яғни, өз ықпалын тез өсіруге ықпал етеді.
Осылайша БРИКС құрамын бірден екі есе көбейту ұйғарылды: оның қатарына Аргентина, Мысыр, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Эфиопия қабылданды. Бұл елдер үшін ресми БРИКС мүшесі деп санау Ресейдің БРИКС-ке төрағалығының бірінші күнінен, яғни 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталады.
Жалпы саммит басында 20-ға жуық мемлекет БРИКС-ке қосылуға ресми өтініш жолдаса, барлығы 40-тан астам мемлекет ұйымға кіруге ниет білдірді. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидің "БРИКС-ке жаңа мүшелердің қосылуы топты нығайтады және қауымдастықтың дамуы мен беріктігіне жаңа серпін береді, сондай-ақ көптеген елдердің көпжақты әлемдік тәртіп құру мүмкіндігіне деген сенімін нығайтады" деген сөзі статистикалық мәліметтер растайды.
"Бір кездері БРИКС-тің құрылуын Батыста мысқылмен қарсы алған болатын. Мысалы, 2013 жылы Карнеги қоры баяндама жариялап, онда Батысқа бұл ұйымға қатысты алаңдауға себеп жоқ екенін, өйткені БРИКС әлемге жаңа, ауқымды және тартымды ештеңе ұсына алмайтынын баяндады", - деп жазды мақала авторы.
Ал анығында БРИКС әлем аумағының 36 пайызын, жалпы халықтың 45 пайызын, әлемдік ЖІӨ-нің 37,3 пайызын, әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 38 пайызын, мұнай және газ қорларының жартысына жуығын және өндірілген барлық азық-түліктің жартысын құрайды. Яғни БРИКС еуроатлантикалық осьтің ең дамыған елдерін қамтитын G7 ұйымынан барлық жағынан дерлік басым.
Екіншісі, саммит өзінің ішкі өзара есеп айырысу жүйесін құру туралы түпкілікті шешім қабылдады және долларға тәуелділікті жою бағытын жариялады. Жақындағы жоспар бойынша БРИКС-тің ортақ қаржы бірлігін құру, кез келген қатысушы елдің алтын-валюта резервтері күрт қысқарған жағдайда өзара көмек көрсету үшін валюталық резервтер пулын құру, қызметіне тағы 15-ке жуық ел қатысқысы келетін БРИКС Жаңа даму банкінің оның мүмкіндіктерін кеңейту, өзара есеп айырысулардағы ұлттық валюталардың үлесін түбегейлі ұлғайтып, ұлттық валюталарға негізделген төлем құралдары мен платформаларын, соның ішінде бірыңғай қаржылық хабар алмасу жүйесін (SWIFT-ке ұқсас) іске қосу қарастырылады.
Ресей президенті Владимир Путиннің пікірінше, "долларсыздану бойынша объективті қайтымсыз процесі қарқын алып жатыр". Шын мәнінде Оңтүстік Африкадағы БРИКС саммитінің шешімдері АҚШ долларының тоқырауына қарай жасалған маңызды қадам болуы мүмкін.
Бірақ БРИКС саммитінің ең маңызды нәтижесі Ресейді қолдаған елдер санының артуы болды. Себебі Ресейге қарсы санкцияларды елемеу, өзара сауданың қарқынды өсуі, Ресейдің 2024 жылы БРИКС төрағасы болып бірауыздан сайлануы, ұйымның келесі саммитін Қазанда өткізу және одаққа қосылуды қалайтын тараптардың көптігі әлемнің батыс үстемдігінен арылуға бе алғанын көрсетеді.