АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу үшін Арменияның Цахкадзор қаласына барды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.