АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жабдықтарды жөндеужұмыстары алдағы жылыту маусымына әсер етпейді, деп мәлімдеді департамент басшысының орынбасары Алексей Смоленский.
Ол энергокомбинаттың 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дайындығы туралы айтты. Оның аясында бірнеше қазандықтар мен турбиналарды күрделі жөндеу жоспарланған, деп жазады Lada.kz.
Жөндеу, жабдықтарды, материалдарды сатып алу және станцияның үздіксіз жұмыс істеуі үшін 14.3 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде МАЭК-тің меншікті қаражаты-6,8 млрд теңге, облыс әкімдігінің резерві - 2,6 млрд теңге, Үкіметтің резервтері-4,9 млрд теңге.
Жүріп жатқан жөндеу жұмыстары жылыту маусымына әсер етпейді, деп сендірді Смоленск.