Атырау облысында бір мектепте бір ғана оқушы оқиды

Бір оқушы үшін 15 маман қызмет етеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Кенбай ауылдық округінде бір мектепте бір ғана оқушы оқиды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық білім басқармасының мамандары айтты.
Кенбай ауылындағы мектепте 15 маман жұмыс істейді. Ал оқушы саны біреу. Ол үшінші сыныпта оқиды.
"Бір балаға үшін бүкіл бір мектепті ұстап тұруға қаржы кетіп отыр. Өте тиімсіз. Осы мәселені шешу күн тәртібінде тұр. Мектептің жөндеуге осыдан үш жыл бұрын 30 миллион теңге жұмсалды", - дейді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.
Мектепті жабу мәселесі де білім басқармасы тарапынан қозғалған. Алайда тұрғындар мектеп жабылса, ауылдағы тіршілік тоқтайды дейді. Ал мектепті алып қалу немесе жабу мәселесі әлі шешілген жоқ.