АЛМАТЫ, 24 тамыз - Sputnik. Ақтөбе облысының әкімдігі 77 млн теңгеге 2 электромобиль сатып алмақ болған. Біреуінің құны 38,9 млн теңге, деп хабарлайды "Диапазон" порталы.
Электромобильдердің бағасы 9 миллион теңгеге артық есептелген. Әкімдіктің бұл әрекетін сыбайлас жемқорлықпен күресушілер анықтаған.
Ақтөбе облысы әкімдігінің Іс басқармасы әрқайсысы 38,9 млн.теңгеден екі электромобиль сатып алуды жоспарлаған. Өтінімде электромобильде төрт доңғалақты, кем дегенде 5 орын және 4 есік, дисплейі бар мультимедиялық жүйе, тұрақтандыру жүйесі, құлыпқа қарсы тежегіш жүйесі, алдыңғы қауіпсіздік жастықтары болуы керек деп көрсетілген.
Максималды жылдамдығы: 77 кВт/сағат, яғни кем дегенде 325 аттың күшімен пара-пар. Бұл ретте ұқсас электрокарлардың орташа нарықтық құны шамамен 29 млн. теңге. Яғни, баға 9 миллион теңгеге артық есептеліп көрсетілген.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта электромобильдерді сатып алудан мүлдем бас тартылған.